| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы Кредиторлық берешектердiң азаюына және төлем жасау қабiлетiнiң қалпына келуiне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дәрменсiз кәсiпорындарын санациялау мен жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 1996 жылғы 17 мамырдағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 194-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен: Қарағанды облысының "Карбид" АҚ-ы алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiнен Қарағанды облысының "Карбид" АҚ мемлекеттік акциялар пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқын қайтып алсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |