|
|
|
Қазақстан Халықтық Банкінің Жарғылық қоры мен iшкi регламентi Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкінің 1995 жылдағы қызмет нәтижесiн қарап, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Халықтық Банкінің жарғылық қорын 762 514 000 теңгеге дейiн өсiру бекітілсiн және Қазақстан Халықтық Банкінің Жарғысына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн. 2. Қазақстан Халықтық Банкi қызметiнiң iшкi регламентi бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). 3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Халықтық банкi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 4 шiлдедегi № 916 қаулысының 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 23, 264-бап); "Қазақстанның Бiрiккен банкi" мемлекеттік банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 тамыздағы № 1101 қаулысы; "З.Х. Кәкiмжанов туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 тамыздағы № 1102 қаулысы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 28 маусымдағы 1996 жылғы № 826 қаулысымен бекітілген Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi қызметiнiң iшкi регламентi Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi қызметiнiң iшкi регламентi (бұдан әрi - Регламент) "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығының 65-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Банктiң 100% акцияларының иесi болып табылатын кезеңдегi Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ банкi басқару органдарының қызмет тәртібін айқындайды. Банк акционерлерiнiң Жалпы жиналысының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары түрiнде қабылданады. Осы Регламентке сәйкес Банктiң Байқаушы Кеңесiне Банк акционерлерi Жалпы жиналысының мына шешiмдердi қабылдау жөніндегі функциялары жүктеледi: Банк Жарғысын өзгерту туралы; Жарғылық қор көлемiн өзгерту (ұлғайту немесе кемiту) туралы; Банктiң атқарушы органдарын, Тексеру комиссияларының мүшелерi мен аудиторды сайлау, сондай-ақ олардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы; Банктiң жылдық қызметiнiң нәтижелерiн атқарушы органдардың есептерi мен Тексеру комиссиясының қорытындыларын қарау туралы, пайданы бөлу мен шығындардың орнын жабу туралы; облигациялық заемдар шығарудың тәртібі мен шарттары туралы. Банктiң Байқаушы Кеңесi Банк акционерлерi Жалпы жиналысының жоғарыда аталған функцияларын, сондай-ақ Банк Жарғысына сәйкес оған жүктелген функцияларды орындайды. Банктiң жылдық қызметiнiң нәтижелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |