|
|
|
Азиялық Даму Банкінің ауыл шаруашылық секторына арналған Бағдарламалық Агроөнеркәсiп кешеніндегі реформаларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасына берiлетiн Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық заемын тиiмдi пайдалану және Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық заемының Саяси матрицаларын орындау жөніндегі шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Экономика министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып ауыл шаруашылығы секторы үшiн бөлiнген және лизингтiк негiзде пайдаланатын Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық заемының қаражаттарын орналастыру жөніндегі екiншi дәрежелi қазақстан банктерiнiң ұсыныстарын қарасын және осы кредит желiсiне қызмет көрсету үшiн өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiн 1996 жылдың 25 шiлдесiне дейiн анықтасын. 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі лизингтiк негiзде басымдықта қаржыландыру үшiн өкiлеттi қазақстандық банктерге ұсынылатын агроөнеркәсiп кешенiнiң аймақтар тұрғысындағы өндiрiс түрлерiн 1996 жылдың 1 тамызына дейiн анықтасын. Өкiлеттi қазақстандық банктерге 1996 жылдың 5 тамызына дейiн ұсынсын және жобаларды iрiктеу жөнiнде тендер жарияласын. "Агро-Лизинг" акционерлік қоғамы лизинг берушi есебiнде ауыл шаруашылығы секторы үшiн Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық заемын үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық кеңес болып белгiленгендiгi ескерiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық заемының шарттарына сәйкес өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiмен тиiстi кредит шарттарын жасай отырып, агроөнеркәсiп кешенiнiң басым жобаларын лизингтiк негiзде қаржыландыруды жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерi арасындағы кредит шарттарында, iрiктелген жобалардағы айналым капиталы банкiлердiң немесе заемшылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатындығы көзделсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерi арасындағы кредит шарттарында, iрiктелген жобалардағы айналым капиталы банкiлердiң немесе заемшылардың өз қаражаттары есебiнен қаржыландырылатындығы көзделсiн. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі банк сараптамасын бұдан әрi жүргiзу үшiн оң қорытынды алған инвестициялық жобаларды өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiне бiр апта мерзiм iшiнде берсiн. 5. Өкiлеттi екiншi дәрежелi қазақстан банктерiне жобалардың банктiк сараптамасын жүргiзудi, өтiмдi кепiл болған кезде сатып алынатын технологиялар мен жабдықтарды қаржыландыру мен олардың төлемдерiн жүзеге асыруды, лизингтiк негiздегi кредит ресурстарын мақсатты пайдалануды және кредит ресурстарын уақытында қайтаруды қамтамасыз ету ұсынылсын. 6. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азиялық Даму Банкінің Бағдарламалық заемын үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық кеңес қажеттi лизингтiк жабдықтар берушi фирмаларды iрiктеу мәселесiн аяқтау жөніндегі жұмыстарын тездетсiн. 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ш. Ақымбековке, Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |