| ||||||||||||||||||||
|
|
|
С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтын Жаңа негiзде медицина кадрларын сапалы даярлау жүйелерiн жетiлдiру мен дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Бiлiм беру туралы", "Жоғары білім беру туралы" және "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, алдыңғы қатарлы шет ел тәжiрибелерiн ескерiп және Қазақстан Республикасы жоғары білімiнiң бекітілген тұжырымдамасы мен жалпы білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институты 1996 жылға бөлiнген қаражат шегiнде қолданылып жүрген қаржыландыру тәртібі сақтала отырып, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетi болып қайта құрылсын. 2. Жаңадан құрылған С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетiнiң құрамына Қазақ дәрiгерлер білімiн жетiлдiру институты, Республикалық орта медициналық және фармацептикалық қызметкерлердi даярлау және қайта даярлау медицина колледжi, Алматы қалалық медицина колледжi, Талғар медицина колледжi және Талдықорған медицина колледжi енгiзiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Бiлiм министрлігі жаңадан құрылған С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетiнiң құрылымын, мамандықтар тiзбесiн, профессор-оқытушы құрамының санын айқындасын және оның Жарғысын белгiленген тәртiппен бекiтсiн. 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдерiмен бiрлесiп жаңадан құрылған С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетiнiң клиникалық және оқу базаларының тiзбесiн айқындасын. 5. Алматы қаласының әкімі С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік университетiнiң материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайту және студенттер мен профессор-оқытушы құрамның әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнiнде шаралар көздесiн. 6. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетiнiң басшылығы оқу жоспары мен бөлiмшелерiнiң құрылымын оларды оңтайландыруды ескере отырып қайта қарасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |