|
|
|
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу
ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi және оның органдары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2706 Заң күшi бар Жарлығының 24-бабының 7-тармағына және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетiнде және оның органдарында қызмет өткеру туралы Ереженi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетiнiң және оның органдарының қызметкерлерi қабылдайтын Ант мәтiнiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымдағы № 3035 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi мен оның органдарының қызметкерлерi, зейнеткерлерi үшiн мынадай жеңiлдiктер белгiленсiн: 1/ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi мен оның органдарының қызметкерлерi /бұдан әрi - Комитеттiң қызметкерлерi/ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетiнiң не болмаса Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарын бiтiргеннен кейiн, сондай-ақ жаңа қызмет орнына ауыстырылғандар немесе алмастырылғандар Қазақстан Республикасында жұмысшылар мен қызметкерлер үшiн белгiленген 30 есептiк көрсеткiш мөлшерiнде үш ай iшiнде алғашқы кезде орналасуына арналған процентсiз несие алуға құқықты; 2/ жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетi мен оның органдарына Комитеттiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң уақытша тұруы үшiн тұрғын үй-жайларды жалға ұсынуда жәрдем көрсетедi; 3/ тұрғын алаңмен қамтамасыз етiлмеген Комитеттiң қызметкерлерiне уақытша тұрғын үй-жайды жалға алушыдан жалға алу /жалға алу/ үшiн мынадай мөлшерлерде ай сайынғы жәрдемақы төленедi: Алматы қаласында - республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiштiң төрт есе шамасында; облыс орталықтарында - республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiштiң үш есе шамасында; басқа елдi мекендерде - республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiштiң екi есе шамасында; 4/ жергiлiктi атқарушы орган бөлген тұрғын үй-жайлар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетiнiң тұрақты пайдаланылуына бекітілiп берiледi; 5/ еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан Комитеттiң қызметкерлерi, сондай-ақ 20 және одан да көп жыл қызмет еткен, қызметтен жасы, денсаулық жағдайы, штаттардың қысқаруы бойынша босатылған адамдар отбасы мүшелерiмен тұратын барлық тұрғын алаңға, коммуналдық қызметтерге, отынға және мемлекеттік, ведомстволық, жекешелендiрiлген тұрғын үйдi ұстау жөніндегі пайдалану шығыстарына, сондай-ақ пәтер телефондарын орнатуға және пайдалануға 50 проценттен аспайтын мөлшерде ақы төлейдi; 6/ 5-тармақшада көрсетiлген жеңiлдiктер қызмет борышын орындауға байланысты Мемлекеттік тергеу комитетiнде, оның органдарында қызмет өткерген кезеңде мүгедек болған, сондай-ақ комитеттiң қаза тапқан, қайтыс болған /жараланудың, контузияға ұшыраудың немесе қызмет ету кезеңiнде науқастанудың салдарынан/ немесе хабарсыз кеткен қызметкерлердiң ата-аналары мен отбасының мүшелерiне қолданылады; 7/ 1992 жылғы 14 ақпанда Минск қаласында қол қойылған "Әскери қызметшiлерге, әскери қызметтен босатылған адамдарға және олардың отбасының мүшелерiне әлеуметтiк және құқықтық кепiлдiктер туралы" Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушылар - мемлекеттер арасындағы Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында қызмет етуші әскери қызметшiлер үшiн салық жеңiлдiктерi; 8/ тұрақты тұру үшiн тұрғын үй-жайы жоқ, тұрғын үй-құрылыс /тұрғын үй/ кооперативтерiне кiрген немесе жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асырушы немесе тұрғын үй сатып алушы Комитеттiң қызметкерлерiне күнтiзбелiкпен санағандағы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты: 10-нан 15 жылға дейiн - 30 процент; 15-тен 20 жылға дейiн - 50 процент; 20 жыл және одан жоғарыларға - 100 процент әлеуметтiк норманың шегiнде пәтердiң, жеке үйдiң құнының немесе осы мақсатқа берiлген несиенiң бiр бөлiгi өтеледi; 9/ асыраушысынан айрылған Комитет қызметкерлерiнiң отбасылары өздерi тұратын тұрғын үй-жайдан оларға ақысыз басқа тұрмысқа қолайлы тұрғын үй-жай берiлместен шығарылмайды; 10/ Комитеттiң қызметкерлерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi мен Iшкi iстер министрлігінiң медициналық мекемелерiнде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуге құқықты. Комитеттiң қызметкерлерiне қызмет немесе тұратын орны бойынша Мемлекеттік тергеу комитетiнiң не болмаса Iшкi iстер министрлігінiң медициналық мекемелерi болмаған немесе оларда тиiстi бөлiмшелер не болмаса арнаулы жабдықтар жоқ болған кездерде, сондай-ақ шұғыл жағдайларда Мемлекеттік тергеу комитетi қаражаттарының есебiнен шығыстар соңынан өтелуi арқылы ведомстволық қатыстылығына және меншiк нысандарына қарамастан денсаулық сақтау мекемелерiнде ақысыз медициналық көмек көрсетiледi; 11/ Комитет қызметкерлерi отбасының мүшелерi /әйелдерi, ерлерi, 18 жасқа дейiнгi балалары/, сондай-ақ олардың асырауындағы адамдар Мемлекеттік тергеу комитетi мен Iшкi iстер министрлігінiң медициналық мекемелерiнде тегiн медициналық көмекке құқықты; 12/ Комитет қызметкерлерi еңбек демалысы кезiнде санаториялық-курорттық емдеумен және Мемлекеттік тергеу комитетiнiң немесе Iшкi iстер министрлігінiң медициналық мекемелерiнде, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да мемлекеттік органдардың демалыс үйлерiнде, пансионаттарында, туристiк базаларында немесе санаториялық-курорттық және сауықтыру мекемелерiнде ұйымдастырылған ақы төлейтiн демалыспен қамтамасыз етiледi. Бұл жағдайда 20 және одан да көп жыл қызмет iстеген қызметкерлерге, сондай-ақ аға және жоғары басшы құрамның қатарынан зейнеткерлерге жыл сайын жолдама алынғандығына немесе алынбағандығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан санаториялық-курорттық мекемелерiнiң жолдамасының орташа құнының мөлшерiнде ақшадай өтемақы төленедi; 13/ еңбек демалысының ұзақтығына еңбек демалысын өткiзетiн жерге бару және қайту үшiн қажеттi уақыт кiрмейдi; 14/ Комитеттiң қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол, әуе, су және автомобиль көлiктерiнде еңбек демалысына, оның iшiнде емделуге барған және қайтқан жолында тегiн жүруге құқығы бар. Сол жылы еңбек демалысына шыққан кезде тегiн жүру құқығын пайдаланбаған қызметкерлердiң тiлегi бойынша келесi жылы көлiктiң көрсетiлген түрлерiне бұл құқықты оның отбасы мүшелерiнiң бiреуi пайдалана алады. 15/ қызмет бойынша орын ауыстыру және қызметтен зейнет демалысына босауы, сондай-ақ денсаулық жағдайы және штаттардың қысқаруы бойынша босауы кезiнде Комитеттiң қызметкерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Мемлекеттік тергеу комитетiнiң және оның органдарының есебiнен он тонна меншiк мүлкiн темір жол, ал ол болмаған жағдайда автомобиль және су көлiгiмен тасымалдауға құқығы бар; 16/ зейнет демалысына құқығымен /еңбек сiңiрген жылдары бойынша, қызмет жағдайының шектеулi жасына жетуi бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты/ қызметтен босатылған Комитеттiң қызметкерлерi қызметiнiң ұзақтығы 20 жыл және одан да көп болғанда әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы бойынша стационарлық емделуге немесе Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан санаториялық-курорттық мекемелерге темір жол, автомобиль және су көлiгiмен бару және қайту жолында тегiн жүруге /жылына бiр рет/ құқықты. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi осы қаулыға сәйкес өз шешiмiн шығарсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |