|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне жалақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 29 қаңтардағы № 2843 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 1. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы кеден комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 18, 199-бап/: 2-тармағындағы "1, 2, 3" цифрлары алынып тасталсын. 2. ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. № 851 қаулысымен. 3. ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. № 878 қаулысымен. II. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1033 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Ғылым, техника және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетi аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 54 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қаржы бақылау мемлекеттік комитетi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 16 ақпандағы № 116 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасының шет елдегi сыртқы экономикалық ұйымдары мен мекемелерi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының сызбасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 ақпандағы № 154 қаулысының 1-тармағы. 4. "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Шаруашылық басқармасы орталық аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 мамырдағы № 400 қаулысы. 5. "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Шаруашылық басқармасы орталық аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 қарашадағы № 1145 қаулысы. 6. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 наурыздағы № 293 қаулысы. 7. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына қызмет өткерген жылдары үшiн үстемақы төлеу тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 наурыздағы № 305 қаулысы. /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 15, 148-бап/. 8. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 наурыздағы № 306 қаулысы. 9. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын өсiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 сәуірдегі № 397 қаулысы. 10. "Қазақстан Республикасы селолық және поселкелiк әкiмшiлiк аппараттары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 мамырдағы № 540 қаулысы. 11. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 наурыздағы № 306 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 маусымдағы № 632 қаулысы. 12. "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Iс басқармасының өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын өсiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 тамыздағы № 881 қаулысы. 13. "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі орталық аппараты қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 20 желтоқсандағы № 1426 қаулысы. 14. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 наурыздағы № 306 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1427 қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 48, 535-бап/. 15. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының ұйымдық мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 98 қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 4, 52-бап/. 16. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 наурыздағы № 230 қаулысы. 17. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын өсiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 наурыздағы № 325 қаулысы. 18. "Қазақстан Республикасының Қаржы бақылау мемлекеттік комитетi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 сәуірдегі № 458 қаулысы. 19. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 сәуірдегі № 468 қаулысы. 20. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 14 сәуірдегі № 474 қаулысы. 21. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөніндегі комитет туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 мамырдағы № 633 қаулысы /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 191-бап/. 22. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысында /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 18, 199-бап/. 6-тармақ: осы қаулының 1, 2, 3-қосымшалары: 23. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік комитеттерi орталық аппараты қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 маусымдағы № 818 қаулысы. 24. "Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 маусымдағы № 819 қаулысының 6-тармағы. 25. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 11 шiлдедегi № 948 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулардың 5 - 6 - 7-тармақтары /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 24, 271-бап/. 26. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 наурыздағы № 305 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегi № 1244 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |