|
|
|
Қытай Халық Республикасы кредитiн пайдалану туралы Қазақстан Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында 1994 жылғы 26 сәуiрде жасалған Үкiметаралық Келісімге сәйкес берiлген 50 (елу) миллион қытай юаны мөлшеріндегі қытай кредитiн тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігінiң Қытай Халық Республикасының 50 (елу) миллион қытай юаны мөлшеріндегі кредитiн құрылыс материалдары, шағын механикаландыру бұйымдары мен құралдары өндiрiсiн ұйымдастыру жөніндегі "Харе" қазақ-қытай бiрлескен кәсiпорнының жобасын жүзеге асыру үшiн пайдалану туралы ұсынысы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігімен бiрлесiп Қытай Халық Республикасы берген кредит қаражаты есебiнен құрылыс материалдары, шағын механикаландыру бұйымдары мен құралдары өндiрiсiн ұйымдастыру жөніндегі жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн. 3. Кредит бойынша негiзгi қарызды, проценттердi және барлық жолай төлемдердi төлеудi Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiне осы кредиттi өтеу жөнiнде кепiлдi мiндеттеме ұсынатын "Мантра" акционерлік қоғамы өз мiндетiне алатындығы назарға алынсын. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiне аталған кредиттi белгiленген тәртiпке сәйкес қамтамасыз ету тапсырылсын. 5. Қытай Халық Республикасы берген кредиттi жұмсауға және тиiмдi пайдалануға бақылау жасау Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігіне жүктелсiн. 6. "Қытай Халық Республикасының тауарлық кредитi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 21 қарашадағы № 1584 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |