|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 қыркүйектегi "Кең дала" акционерлік қоғамының "Deere & Companu" американдық компаниясының комбайндарын сатып алу жөніндегі инвестициялық жобасының қаржыландыру шарттарына толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлуiне байланысты, бұл жобаның басым инвестициялық бағдарламалар мен 1996-1998 жылдарға халықаралық қаржы ұйымдары (ХҚҰ) мен донор-елдердiң займдарын тарту есебiнен қаржыландыруға ұсынылып отырған жобалардың тiзбесiне енгiзiлгенiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Кең дала" мемлекеттік акционерлік компаниясының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жөніндегі инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 14 қыркүйектегi № 1022 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: қаулының аты мен 1, 5, 6, 7-тармақтардағы "Мемлекеттік акционерлік компаниясы" деген сөздер "акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы: "400" деген сан "630" деген санмен ауыстырылсын "114 335 400" деген сан "114 803 303" деген санмен ауыстырылсын; "200 жүгерi мен масақты дақылдар жинау комбайнын" деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакциямен жазылсын: "3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі комбайндарды беру жобасын қолданылып жүрген орта мерзiмдi (5 жылдан кем емес) АҚШ кредит желісіне қоссын және осы қаржыландыруға байланысты барлық мiндеттемелер бойынша АҚШ Эксимбанкiне 85 процентке және АВN AMRO Bank Kazakstan LTD және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) ұйымдастырушыларына 15 процентке үкiметтiк кепiлдеме берiлсiн және АҚШ Эксимбанкiмен және ABN AMRO Bank Kazakstan LTD және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) ұйымдастырушыларымен тиiстi кредиттiк келісім жасайтын болсын; 4-тармақтағы "АҚШ-тың Ситибанкiмен жеке кредиттiк келісім" деген сөздер "АҚШ Эксимбанкiмен және ABN AMRO Bank Kazakstan LTD және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) ұйымдастырушыларымен кредиттiк келісім" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген сөздер алынып тасталсын және "қажеттi кепiлдiк" деген сөздердiң алдына "кредиттiң, проценттердiң, комиссиясының және барлық банктiк шығындардың сомаларын түгел өтеу жөнiнде" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы тармақтармен толықтырылсын: "8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Экспорт-импорт банкi "АҚШ Эксимбанкiмен және ABN AMRO Bank Kazakstan LTD және Deutsche Bank AG (Нью-Йорк қаласындағы филиал) тең ұйымдастырушылармен комбайндар беруге жасалған контрактiге сәйкес 85 процент (негiзгi сома) және 15 процент (аванстық төлем) қаржыландыру үшiн 114 803 303 (жүз он төрт миллион сегiз жүз үш мың үш жүз үш) АҚШ доллары сомасына кредит бөлу туралы кредиттiк келісім жасасын. 9. "Кең дала" акционерлік қоғамына "Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн есепке алуды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 16 қарашадағы № 1300 қаулысында көзделген Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн бергенi және тiркегенi үшiн бiржолғы мiндеттi төлем жасауға ерекшелiк ретiнде, аккредитивтi игере бастағанда, бiрақ 1997 жылдың 10 мамырынан кешiктiрмей рұқсат етiлсiн. 10. "Джон Дир Экспорт" компаниясы, "Кең дала" акционерлік қоғамы" және "Сельхозмаш" акционерлік компаниясы арасында жасалған келісімде "Deere & Companu" компаниясының астық жинайтын комбайндарын бiрлесiп шығаруды ұйымдастыру көзделгенi назарға алынсын. 8-тармақ 11-тармақ болып есептелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |