|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 ақпандағы № 166 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қазынашылық пен оның аумақтық органдарының жұмысын қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi: "1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру Ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 ақпандағы № 166 қаулысымен бекітілген 1996 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген шығыстарды қаржыландыру Ережесiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: екiншi абзацтағы "айына екi рет (2 және 17 күндерi)" деген сөздер "айына бiр рет (айдың 2-күнiнен кейiн)" деген сөздермен ауыстырылсын; бесiншi абзац мынадай жаңа редакцияда жазылсын: "Кредиттер ашуды қазынашылық шешiмдермен белгiленген лимиттер шегiнде және республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісілген болжамдық (күтiлетiн) қаражат түсiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |