|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының дәрменсiз кәсiпорындарын санациялау және тарату жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 1996 жылғы 5 қыркүйектегi № 8 шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi: 1. Таратуға ұсынылған, төлем жасау қабiлетi жоқ кәсiпорындардың iшiнен Атырау облысының "Атырауавтокөлiк" және "Металбұйымдары зауыты" акционерлік қоғамдары алынып тасталсын. 2. "Дәрменсiз кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыруға және таратуға байланысты iс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегi № 1227 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 1-тармақтағы "Атырауавтокөлiк" акционерлік қоғамы-Атырау облысы; "Метал бұйымдары зауыты" акционерлік қоғамы Атырау облысы;" деген сөздер алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |