|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 17 қазандағы № 1279 Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: "Павлодарэнерго" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының құрылымдық бөлiмшелерiн қайта жаңғырту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 17 қазандағы № 1279 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Павлодар облысының әкіміне құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерi иелену, басқару, пайдалану және билiк ету құқығында берiлсiн"; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне жүктелсiн". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |