| ||||||||||||||||||||
|
|
|
"Каскор" акционерлік компаниясы мен Маңғыстау облысының химиялық "Каскор" акционерлік компаниясы кәсiпорындарында қалыптасқан дағдарысты жағдайдан шығу және қаржы-экономикалық сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды" Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 656 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 194-құжат) қосымшаға мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: мемлекеттік Медетшi банкiне берiлген төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындар тiзбесiнен: Маңғыстау облысы "Қатэп" ҰАҚ "Каскор" шығарылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi белгiленген заң тәртібімен: бiр ай мерзiмде "Каскор" акционерлік компаниясы акционерлерiнiң жалпы жиналысына кейбір құрылымдық бөлiмшелердi бөлу балансына бойынша құрамнан шығару жолымен қайта құру мәселесiн (тiзбесi қоса берiлiп отыр) енгiзсiн және мүдделi министрлiктер мен ведомстволармен бiрлесiп олардың ұйымдық құқықтық нысанын айқындасын. Маңғыстау облысының әкімімен бiрлесiп, әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi басқару органдарының балансына беру мәселесiн шешсiн. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 қарашадағы № 1358 қаулысына Қосымша "Каскор" акционерлік компаниясы құрамынан бөлу балансы бойынша бөлiнiп шығарылатын құрылымдық бөлiмшелердiң Т I З Б Е С I Минералды тыңайтқыштар өндiрушi химиялық кешенi кәсiпорындары (химия-металлургия зауыты, азотты-тыңайтқыш заводы, күкiрт-қышқылы зауыты) Тiс сықпаларын жасаушы зауыт Жөндеу-механика зауыты Өндiрiстiк-техникалық байланыс басқармасы КИП және А орталық лабораториясы ОҒЗЛ орталық ғылыми-зерттеу лабораториясы Темiржол көлiгi басқармасы Әлеуметтiк сала объектiлерi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |