|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 тамыздағы № 1016 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгi кәсiпорындарын жекешелендiру жөніндегі тендерлiк комиссиясының шешiмiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 15 тамыздағы № 1016 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: қаулының атауы "және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының" деген сөздерiмен толықтырылсын; қаулының мәтiнiнде "акционерлік қоғам" деген сөздер "компания" деген сөзбен ауыстырылсын; кiрiспесіндегі және 1-тармақтағы "Алматыэнерго" деген сөзден кейiн "және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының" деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ "1996 жылғы 10 тамыздағы сатып алу-сату Келісімiне 1996 жылғы 4 қазандағы толықтыру" деген сөздермен толықтырылсын; 2 және 4-тармақтар "және оған толықтырумен" деген сөздермен толықтырылсын; аталған қаулының қосымшасында: "Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгiнiң мүлiктiк кешен ретiнде жабық тендерде сатылған кәсiпорындарының тiзбесi мыналармен толықтырылсын: Есiк электр желiлерi кәсiпорны "Алматыэнергожөндеу" өндiрiстiк-жөндеу кәсiпорны Алматы жылы-жай комбинаты . Қапшағай гидроэлектростанциясы Әлеуметтiк сала объектiлерi . . Ескерту. Сатып алушының Меншiк иесiмен келісімi бойынша. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |