| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Салық төлемдерiнiң есебiне мұнай өнiмдерiн беру туралы Қазақстан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн жанар-жағар май материалдарымен уақтылы қамтамасыз ету және республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешектi қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен, Павлодар мен Маңғыстау облыстарының әкiмдерiмен келісілген қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң мұқтаждары үшiн мұнай өнiмдерiн 1996 жылғы қараша-желтоқсан айларында "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" мен "Қаражамбасмұнай" акционерлік қоғамдарының республика бюджетке салық төлемдерiнiң есебiне беру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік салық комитетi: мұнай өнiмдерi берудiң мүмкiндiгiне қарай республикалық бюджетке акционерлік қоғамдардың, қосымшада аталған республикалық бюджетке жалпы сомасы 700 (жетi жүз) млн. теңге берешегiне есептеме жүргiзсiн; аталған соманы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мекемелерiн қаржыландыру есебiне оны республика бюджетiнiң кiрiсi мен шығысы бөлiктерiнде көрсете отырып есептесiн; "Қаражамбасмұнай" акционерлік қоғамы қосымшаға сәйкес "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлік қоғамына 1996 жылғы қараша-желтоқсанда мұнай өнiмдерiн өндiруге қажеттi көлемде өңделмеген мұнаймен қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі мен Қаржы министрлігінiң осы қаулының қосымшасында аталған 1996 жылғы қараша-желтоқсан айларындағы республикалық бюджетке мерзiмiн өткiзiп алған төлемдерi үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" мен "Қаражамбасмұнай" акционерлік қоғамдарына айыппұл санкцияларын қолданбау туралы ұсынысына келісім берiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 желтоқсандағы № 1464 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мұқтаждары үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" және "Қаражамбасмұнай" акционерлік қоғамдарының 1996 жылғы қараша-желтоқсанда "Қаражамбасмұнай" АҚ-ның өз өндiрiсi бойынша республикалық бюджетке салық төлемдерiнiң есебiне мұнай өнiмдерiн БЕРУ __________________________________________________________________ Мұнай өнiмдерiнiң түрi мен | "Павлодар МӨЗ" АҚ маркасы |__________________________ | мөлшерi |құны, мың | тонна | теңге __________________________________________________________________ 1 | 2 | 3 __________________________________________________________________ А-76 автомобиль бензинi 6450 87075 "3" дизель отыны 5850 63685,4 ТС-1 авиация керосинi 16750 184250 М-100 мазуты - - Тұтынушының қоймасына жеткiзiлген мұнай өнiмдерi бойынша берушiлердiң есебiнен төленетiн көлiк шығыны 14989,6 Жиыны 350000 Республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша есепке қабылданатын берешек барлығы 350000 оның iшiнде: акциздер 350000 қосылған құнға салынатын салық - заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы - ________________________________________________________ "Павлодар МӨЗ" АҚ "Қаражамбасмұнай АҚ" есебiнен ________________________________________________________ мөлшерi, тонна | құны, мың теңге ________________________________________________________ 4 | 5 ________________________________________________________ 7200 97200 13127 142906 3000 33000 13000 58735 18159 350000 350000 250000 100000
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |