|
|
|
Оңтүстiк Қазақстан облысының Ленгiр қаласындағы салынып жатқан Оңтүстiк Қазақстан облысындағы балалар тағамының цехы бар Ленгiр тамақ концентраттары комбинатының құрылысын республикалық бюджеттен одан әрi қаржыландыру мүмкiндiгi болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Балалар тағамының цехыменен қоса, салынып жатқан Ленгiр тамақ концентраттары комбинатының дирекциясы таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi: салынып жатқан кәсiпорынның дирекциясын тарату жөнiнде тарату комиссиясын құрсын және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес оны жою жөніндегі шараларды жүргiзудi қамтамасыз етсiн; кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiнгi кәсiпорынның қалған мүлкiн, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн. 3. Салынып жатқан кәсiпорынның дирекциясы жобалық-сметалық құжаттарды сақтау үшiн мемлекеттік еңбекке орналастыру жөнiнде шаралар қабылдасын. 4. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі дирекцияның босап қалған қызметкерлерін еңбекке орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын. 5. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |