|
|
|
Оңтүстiк Қазақстан облысы жер пайдаланушыларының ұзақ мерзiмдi "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 Жарлығының 10-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., № 24, 159-бап) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Жезқазған облысы әкімінiң және Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы жер пайдаланушыларының ұзақ мерзiмдi жер пайдалануындағы Жездi ауданының запастағы жерiн осы ауданның "Сарысу" шаруа қожалықтары мен шағын кәсiпорындар ассоциациясының тұрақты жер пайдалануына ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жалпы көлемi 41327 гектар, оның iшiнде көл табандап суарылатын 2514 гектар пiшендiктердi, 38670 гектар жайылымды, 143 гектар өзге де жер алаптарын беру жөнiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының әкімімен келісілген ұсынысы қабылдансын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |