|
|
|
Демалыс күнiн көшiру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы қаңтар айында еңбекшiлердiң демалысына қолайлы жағдай жасау және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. 1997 жылдың 5 қаңтары жексенбiдегi демалыс күнi 1997 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға көшiрiлсiн. 2. Қажеттi өнiм шығаруға, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн iске қосуға арналған еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлген ұйымдарға кәсiподақ комитетiнiң келісімiмен 1997 жылдың 3 қаңтарында жұмыс жүргiзу құқығы берiлсiн. Аталған күнгi жұмыс үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтем жасалады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |