|
|
|
Ақмола, Ақтөбе, Алматы қалаларына аэродромдық радиолокаторлар Француз Республикасы ұсынған несиенi тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Француз Республикасының несиесiн 1996 жылдың 16 наурызында "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсiпорны мен "Томсон-ЦСК" (Франция) арасында жасалған 607/РВР контрактiсiне сәйкес Ақмола, Ақтөбе, Алматы қалаларына аэродромдық радиолокаторлар беру жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн пайдалану туралы ұсынысы мақұлдансын. 2. Аталған жоба бойынша аванстық төлемдi төлеудi, негiзгi қарызды, проценттердi, несие бойынша барлық iлеспе төлемдердi өтеудi және банк шығындарын төлеудi өзiне қабылдайтын "Қазаэронавигация" республикалық кәсiпорны түпкiлiктi заем алушы болып айқындалсын. 3. "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiне төлемдiк мiндеттемелердi атқаруды қажеттi қамтамасыз етудi ұсынсын. 4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi: Сосьете-Женераль француз банкiмен дербес несиелiк келісім жасассын; "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсiпорнымен iшкi несиелiк келісім жасассын. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кепiлдiгiн берсiн; Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiмен Қазақстан Республикасының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету туралы келісім және несиеге қызмет көрсету туралы келісім жасассын. 6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қаржы министрлігімен бiрлесiп аталған жобаның жүзеге асырылуын және несие бойынша төлемдердiң уақытылы жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |