|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1126 қаулысына өзгерiс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: «Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға патенттер беру тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1126 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын және тұлғаларға патенттер беру тәртібі туралы Ережеге /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 28, 336-құжат/ мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Егер жеке кәсiпкер айналысуға ниет бiлдiрген қызмет қолданылып жүрген заңдарға сәйкес лицензияланатын болған жағдайда, онда салық төлеу тәртібін айқындау мақсатында оған патенттер беру мен мұндай кәсiпкердi салық есебiне қол қою ол белгiленген тәртiппен уәкiлеттi мемлекеттік органнан лицензия алған соң жүзеге асырылады».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |