| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Жапониядағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң мәселелерi
«Австрия Республикасында, Испания Корольдiгiнде, Малайзияда, Түркменстанда, Жапонияда Қазақстан Республикасының Елшiлiктерiн ашу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 5 желтоқсандағы № 3255 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Жапониядағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 19 адам болып бекітілсiн. 2. Жапониядағы Қазақстан Республикасының Елшiсiне лауазымдық шетел валютасымен жалақысы 4000 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн. Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасындағы жалақысын негiзге ала отырып, штат кестесiне сәйкес белгiленсiн. 3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге аударым олардың шетел валютасындағы еңбек ақысының 6 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қаржы министрлігімен бiрлесiп Жапониядағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстар сметасын олардың құрамында Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы бюроны көздей отырып, бекiтсiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |