| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Талдықорған облысы бюджеттік мекемелердiң борыштары бойынша есептеме жүргiзу туралы
Қысқы кезеңде Талдықорған облысының энергиямен жабдықтаушы ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелерiнiң берешектерiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Талдықорған облысының әкімі мен «Карагандашахтуголь» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамының «Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1715 қаулысына сәйкес 1-қосымшаға сай, Талдықорған облысының «Гортеплокоммунэнерго» мемлекеттік кәсiпорнына көмiр беру есебiне 50 (елу) миллион теңге сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi арқылы аталған кәсiпорынға бөлiнген несиенiң бiр бөлiгiн өтеу туралы ұсынысы қабылдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiмен бiрлесiп «Гортеплокоммунэнерго» мемлекеттік кәсiпорнына оларға көмiр беру есебiне «Карагандашахтауголь» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамына бөлiнген несиеге қатысты берешегiн өтеудi жүргiзсiн; 1-тармақта аталған сома қоса берiлiп отырған тiзбеге (2-қосымша) сәйкес «Гортеплокоммунэнерго» мемлекеттік кәсіпорнының оларға көрсеткен коммуналдық қызметi үшiн құралған берешегiн өтеуге республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Талдықорған облысының бюджеттік мекемелерiн қаржыландыру есебiне есептесiн. 3. Берешек есептемесi 1996 жылға арналған республика бюджетiнiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде аталған сома көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1769 қаулысына 1-қосымша «Карагандашахтауголь» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамының Талдықорған облысының «Гортеплокоммунэнерго» мемлекеттік кәсiпорнына көмiр беруi ___________________________________________________________________ |Көлiк шығыстары мен ҚҚС|Саны, |Сомасы, |ескерiле отырып |тонна |млн. теңге |прейскурант бойынша | | |бағасы, 1 тоннасы | | |үшiн теңгемен | | ___________________________________________________________________ Көмiр маркасы Кр (қатардағы) 0-200 мм 1573 31786 50 Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1769 қаулысына 2-қосымша Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және тұтынған жылу және электр энергиясы үшiн есептемеге алынатын берешегi бар бюджеттік мекемелердiң ТIЗБЕСI
(мың теңге) ___________________________________________________________________ |Берешек сомасы, барлығы ___________________________________________________________________ Бiлiм министрлігі 26000 Мемлекеттік тергеу комитетi 4874 Iшкi iстер министрлігі 9406 Қорғаныс министрлігі 9720 Жиыны 50000
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |