|
|
|
Бюджеттік қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы
Экономиканың мемлекеттік секторының мемлекеттік Медетшi банкке қаржылық сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруы үшiн берiлген кәсiпорындарының борыштарын қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкiне қаржылық сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруы үшiн берiлген мынадай мемлекеттік сектор кәсiпорындарының бюджет алдындағы қарыздарды қайтару бойынша: «Қостанай дизель зауыты» акционерлік қоғамының 2058 мың (екi миллион елу сегiз мың) сомасындағы, оның iшiнде проценттерi 58 (елу сегiз мың) теңге; «Карагандарезинотехника» акционерлік қоғамының 3080 мың (үш миллион сексен мың) теңге сомасындағы, оның iшiнде проценттерi 80 (сексен мың) теңге; «Карагандашахтуголь» жабық үлгiдегi акционерлік қоғамының 149414 мың (бiр жүз қырық тоғыз миллион төрт жүз он төрт мың) теңге сомасындағы, оның iшiнде проценттерi 10514 мың (он миллион бес жүз он төрт мың) теңге сомасындағы берешегiне есептеу жүргiзсiн. Аталған сомалар 1996 жылға арналған республикалық бюджетте ұйымдарды санациялауды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi бойынша көзделген қаражатты қаржыландыру есебiне есептелсiн. 2. Берешектi есептеу аталған сомаларды 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |