Талдықорған облысы Панфилов ауданының «Сарпылдақ» гидротермобассейнiн
кешендi игеру жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жыл 24 қаңтардағы № 99 қаулысы
Республиканың экологиялық жағынан қолайсыз аудандарда тұратын халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және медициналық мақсаттар үшiн су өндiрiсiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "БАКЦИД" акционерлік қоғамының бактериясыздандыру жабдығын өндiру жөніндегі салааралық Талдықорған облысы Панфилов ауданының "Сарпылдақ" гидротермобассейнiнде "Қазақстан Республикасының экологиялық апат аймақтарының халықтарын асханалық, әлсiз ғана минералдандырылған сумен қамтамасыз ету және медицина мақсаттары үшiн сулы және құрғақ негiзде өндiру және оларды экспорттау" туралы инвестициялық жобаны жүзеге асыру жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының экономика министрлігі Қаржы министрлігімен келiсе отырып, 1996 жылы республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкiне бөлiнетiн несиенiң есебiнен (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 ақпандағы № 141 қаулысына № 3-қосымша) заводтың бiрiншi кезегiнiң құрылысына 0,3 миллион АҚШ доллары және 1997 жылға ұзарта отырып, екiншi кезегiнiң құрылысына 8,76 миллион АҚШ доллары сомасындағы аталған жобаны басым объектiлер тiзбесiне енгiзгенi ескерiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 2 ақпандағы № 141 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 қарашадағы № 1446 қаулысына сәйкес "БАКЦИД" акционерлік қоғамы аталған инвестициялық жобаны iске асырудан туындайтын барлық жұмыс кешендерi бойынша бас тапсырысшы ретiнде белгiленсiн.
4. Тапсырысшының Бүкiл дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымынан сапаның халықаралық сертификаттарын алуды қоса, зауыттың экспортқа бағытталған өнiмiн дайындауды және жобаның егжей-тегжейлi техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкi 200 (екi жүз) мың АҚШ доллары сомасында, белгiленген тәртiппен қайтаратын етiп алдын ала несиелiк қаржыландыру мүмкiндiгiн көздесiн.
5. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі зауытты iске қосқаннан кейiн жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудiң нақты нысанын контрактiде көздей отырып, "Сарпылдақ" гидротермобассейнiнде минералды суды өнеркәсiптiк өндiру үшiн лицензияны белгiленген тәртiп бойынша ресiмдесiн.
6. Талдықорған облысының әкімі жер қойнауын пайдаланушыларға скважинаның тұрған жерiнде зауыттың құрылыс алаңына 1,5 гектар мөлшерде жер бөлуде, сондай-ақ санитарлық және буферлiк аймақтар үшiн жер бөлуде қажеттi жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi