|
|
|
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлерiне жоғары біліктi офицер кадрларын даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Петропавл ауыл шаруашылығын механизациялау техникумының базасында жыл сайын 220 адам қабылдап жоғары әскери-арнаулы және орта әскери-арнаулы білімдi офицер кадрларын даярлау үшiн 1997 жылға арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Iшкi әскерлерiнiң жалпы адам саны мен қаражаты есебiнен Петропавл қаласында Қазақстан Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери училищесi құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: училищенi құру жөніндегі ұйымдастыру мәселелерiн шешу үшiн 1997 жылға Iшкi әскерлерге бекітілген смета есебiне үстiмiздегi жылдың бiрiншi жарты жылдығына 75 (жетпiс бес) млн, теңге сомада қаржыландыру жасасын; 1998 жылдан бастап аталған жоғары оқу орнын ұстауға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға белгiленген нормалар бойынша республикалық бюджетте қажеттi қаржы көздесiн. 3. Солтүстiк Қазақстан облысының әкімі әскери қызметшiлер мен профессор-оқытушылар құрамын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |