|
|
|
Ертіс су электр станциялары каскадына халықаралық тендер өткізу Ертіс су электр станциялары каскадын қаржы-экономикалық сауықтыру үшiн инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі департаментi Семей қаласының 1-ЖЭО және 2-ЖЭО жекешелендiрумен "Шульба СЭС" акционерлік қоғамын және Өскемен ЖЭО, Лениногор ЖЭО және Согринск ЖЭО жекешелендiре отырып "Өскемен СЭС" акционерлік қоғамын мүлiктiк жалдауға (концессияға) беру жөнiнде белгiленген тәртiппен халықаралық тендерлер өткiзсiн. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі департаментiмен бiрлесiп бiр апта мерзiмде жоғарыда аталған тендерлердi өткізу тәртібі мен шарттарын әзiрлесiн және Үкiметтiң келiсуiне енгiзсiн. Тендердiң шарттарын 1997 жылдың 21 наурызына дейiн бұқаралық құралдарында жарияласын. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |