|
|
|
Францияға ядролық материалдар экспорты туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 12 наурыздағы № 298 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. "КАТЭП ҰАК" акционерлік қоғамына "КАТЭП ҰАК" акционерлік қоғамы мен "КАТКО" бiрлескен кәсiпорны арасында 1997 жылы 18 ақпанда жасасылған келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасынан 5 кг сынама түрiнде уран концентратын және 2000 литр мөлшерiнде құрамында уран бар ерiтiндi әкетуге рұқсат етiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ғылыми министрлігі - Ғылым Академиясы жанындағы Атом энергиясы жөніндегі агенттiк "КАТЭП ҰАК" акционерлік қоғамының ядролық материалдарды әкетуiне бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |