| ||||||||||||||||||||
|
|
|
«Жоғары кәсiптiк училищелердi қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Әуе көлiгi, энергетика, мұнай-химия және құрылыс кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн орта буын мамандарды даярлауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігінiң Алматы қаласындағы № 2 жоғары кәсiптiк училищенi, Ақтау қаласындағы № 1 кәсiптiк училищенi және Ақтау қаласындағы № 4 кәсiптiк училищенi тиiсiнше Алматы азаматтық авиация сервисi колледжi, Маңғыстау политехникалық және Маңғыстау энергетикалық колледжi деп қайта атау туралы ұсынысына келісім берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігі белгiленген тәртiппен: аталған оқу орындарының жарлықтарына өзгерістер енгiзiп, әдiлет органдарында қайта тiркесiн; Алматы азаматтық авиация сервисi колледжiне, Маңғыстау политехникалық колледжi мен Маңғыстау энергетика колледжiне білім қызметiн жүргiзу құқығына лицензия берсiн. 3. Ақтау және Алматы қалаларының әкiмдерi колледждердiң оқушылары мен педагогикалық құрамының материалдық-техникалық базасын нығайту және әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |