|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 4 шiлдедегi № 916 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 4 шiлдедегi № 916 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 23, 264-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшiсi, Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Жоғары экономикалық кеңес төрағасының орынбасары З.Х.Кәкiмжанов Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi Байқаушы кеңесiнiң төрағасы болып тағайындалсын; Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi Байқаушы кеңесiнiң құрамына мыналар енгiзiлсiн: Ж.Ж.Ертiлесова - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Е.К.Мұқанов - Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкi Басқармасының төрағасы; И.Н.Тасмағамбетов, Е.С.Никитинская аталған құрамнан шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |