|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң сот-медицина Азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркiндiгiн қорғау, Мемлекеттік құқық реформасының бағдарламасын жүзеге асыру, қылмысқа қарсы күрес пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі шараларды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Бас сот-медицина сараптамасы бюросы облыстық және Алматы қалалық сот-медицина сараптамасы бюролары функциональды бағындырылып, республикалық мемлекеттік мекеме - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң сот медицина орталығы (бұдан әрi - Орталық) етiп қайта ұйымдастырылады. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде Орталық пен оның құрылымы туралы Ереженi бекiтсiн. 3. Орталық қызметiнiң мынадай негiзгi бағыттары белгiленсiн: белгiленген заң тәртібімен республиканың сот-медицина қызметiне басшылық жасау; соңғы сатыда қайталама, аса күрделi сараптамалар жүргiзу; сот-медицина және ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау; сот-медицина сараптамасының қазiргi заманғы әдiстерi мен әдiстемелерiн қабылдау мен құру және оларды сараптама практикасына ендiру. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi, Алматы қаласының өкімі 1997 жылдың аяғына дейiн Алматы қаласында Орталық үшiн ғимарат бөлу туралы мәселенi шешетiн болсын. 5. Облыстардың әкiмдерi емдеу-профилактика мекемелерiнiң жүйесiн оңтайландыруды ескере отырып, сот-медицина қызметi үшiн үй-жай бөлу және оларға қажеттi қаржылық және материалдық-техникалық көмек көрсету туралы мәселенi қарасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |