|
|
|
Ұлттық өнiмдiлiк орталығын құру туралы Қазақстан Республикасы Шаруашылық жүргiзудiң жоғары өнiмдi әдiстерi, нарықтық экономика жағдайында қаржы мен материалдық ресурстарды басқарудың тиiмдi әдiстерi туралы озық білімдердi тарату жүйесiн құру және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Энергетика және сауда министрлігінiң жарғылық қорындағы мемлекеттiң үлесi - 90 процент және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың үлесi - 10 процент болатын жабық акционерлік қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы Ұлттық өнiмдiлiк орталығын (бұдан әрi - ҰӨО) құру туралы ұсынысы қабылдансын. 2. ҰӨО ұстау бюджеттік қаражат тартылмастан жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi ҰӨО жарғылық қорына салым ретiнде әкiмшiлiк үйiнiң 1350 ш. метр алаңын беру арқылы мемлекеттiң тарапынан ҰӨО құрылтайшысы болсын. 4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, Қаржы министрлігі, облыстардың әкiмдерi ҰӨО жұмысын ұйымдастыруға жәрдем көрсетсiн. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |