|
|
|
Алматы қаласында Нью-Йорк штаты (Бингхамтон қаласы) Мемлекеттік "Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы демократиялық әрiптестiк туралы хартияның" ережелерiн басшылыққа ала отырып, білім беру саласындағы жаңа жетiстiктерге жәрдемдесу және өндiрiс аясын құрылымдық қайта құру мен технологиялық дамытуды қамтамасыз ету үшiн техникалық ғылымдар магистрлерiн даярлау жөніндегі американдық тәжiрибенi белсендi түрде тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлігінiң Алматы қаласында Нью-Йорк штаты (Бингхамтон қаласы) Мемлекеттік университетiнiң жоғары оқу орны мәртебесi бар Жоғары колледжiн ашу туралы ұсынысына келісім берiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Жоғары колледждi белгiленген тәртiппен тiркейтiн болсын. 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі Жоғары колледжге білім беру қызметiн жүргiзу құқығына белгiленген тәртiппен лицензия берсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Алматы қаласында Нью-Йорк штаты (Бингхамтон қаласы) Мемлекеттік университетiнiң Жоғары колледжiнiң ашылғаны туралы Қазақстан Республикасының Елшiлiктерi арқылы хабарлауға жәрдемдессiн. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару жөніндегі департаментi Алматы қаласының әкімімен бiрлесiп Жоғары колледждi орналастыру мәселесiн шешуге жәрдемдессiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |