| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Ертіс өзенiне салынатын көпiрдiң жобасын жүзеге асыру туралы Ертіс өзенi арқылы салынатын көпiрдiң жобасын одан әрi жүзеге асыру және Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының 21 530 000 000 (жиырма бiр миллиард бес жүз отыз миллион) жапон йенi мөлшеріндегі займының қаражатын, сондай-ақ 6 791 000 000 (алты миллиард жетi жүз тоқсан бiр миллион) жапон йенiне бара-бар мөлшердегi мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. 28 321 000 000 (жиырма сегiз миллиард үш жүз жиырма бiр миллион) жапон йенi сомасында Жобаны қаржыландыруға бағытталған қаражатты қосымшаға сәйкес бөлу бекітілсiн. 2. Аталған Жобаны қаржыландыруға бағытталған қаражаттың түпкiлiктi заемшысы бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы, сондай-ақ негiзгi борышты, проценттердi және iлеспе төлемдердi өтеу үшiн жауаптылық жүктелетiн Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып табылады деп белгiленсiн. 3. Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры займының қаражатынан қаржыландырылатын, аталған Жоба бойынша әкелiнетiн тауарлар, орындалатын жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер "Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертіс өзенiне салынатын көпiр құрылысының жобасы бойынша Қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келісімдi бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы Заңымен бекітілген Заем туралы келісімге сәйкес қосылған құнға салық пен кедендiк төлемдер төлеуден босатылады деп белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының займы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң несиесi бойынша негiзгi борыштың, проценттердiң және iлеспе төлемдердiң уақытында өтелуiне бақылау жасауды жүзеге асырсын. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған Жобаны қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында: Шығыс Қазақстан облысының әкіміне қайтарымды негiзде 1997 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражатты уақытында бөлудi қамтамасыз етсiн; келесi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Жобаны Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорымен келісілген Жобаны жүзеге асыру кестесiне сәйкес көлемдерде қоса қаржыландыру үшiн қаражат көздесiн; түпкiлiктi заемшы - Шығыс Қазақстан облысының әкімімен Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры займының қаражаты мен Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты қайтару жөнiнде келісім жасассын. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетi аталған Жобаны жүзеге асыруды жалпы үйлестiрудi және тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетулер сатып алуды Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қорының ережелерiне сәйкес жүргiзуге бақылау жасауды жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 қаулысына қосымша ____________________________________________________________________ Санат |Жапонияның Халықаралық|Қазақстан Республикасы |Экономикалық Ынтымақ. |Үкіметінiң тарапынан |тастық Қоры тарапынан |қаржыландыру, |қаржыландыру, |жапон йенi |жапон йенi | _______________________|______________________|____________________ Құрылыс жұмыстары | 18 307 000 000 | 6 027 000 000 _______________________|______________________|____________________ Консультациялық | 1 392 000 000 | 162 000 000 қызметтер | | _______________________|______________________|____________________ Көзделмеген | 1 831 000 000 | 602 000 000 шығыстар | | _______________________|______________________|____________________ Жиынтығы 20 530 000 000 6 791 000 000
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |