|
|
|
Ұлттық валюта - теңгенi қолдау туралы Қазақстан Республикасы 1. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінiң ұлттық валюта - теңгенi қолдау мақсатында Қазақстан тұтыну нарығын тауарлармен молықтыру бағдарламасын орындау үшiн Австрия Республикасындағы Қазақстанның Сауда үйiн және оның Қазақстан Республикасындағы филиалын тарту жөніндегі ұсынысы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Сауда үйiне және оның Қазақстан Республикасындағы филиалына үкiмет пен банктiң тиiстi кепiлдiгi берiлiп, ол 50 млн. АҚШ доллары сомасына импорт бойынша тауар сатып алуды жүзеге асыратын болсын. 3. Қазақстан Республикасы атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Сауда үйiнiң Алматы филиалы жасаған мiндеттемелерi бойынша төлеу кепiлдiгiн берсiн. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң кепiлдiгiмен Қазақстан Әлем Банкi келісімдер мен контрактiлердiң жүзеге асуы үшiн шетелдiк фирманың (банкінің) алдында кепiл болсын. 5. Республиканың валюталық биржасы, уәкiлдiгi бар банктерi Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Сауда үйiнiң Алматыдағы филиалына жасасылған контрактылар мен келісімдер бойынша мiндеттемелерiн орындау үшiн ұлттық валютаны (теңгенi) басымдық тәртібімен еркiн айналыстағы валютаға айырбастап берудi жүзеге асырсын. Премьер-министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |