|
|
|
«Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясының арпа сатуға жасалған
1. Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясының "Ромак С.А." фирмасымен (Женева, Швейцария) арадағы мемлекеттік ресурстардан 61 және 30 мың тонна арпа сатуға жасалған контрактiсi мақұлдансын. 2. Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясы АҚШ долларымен 2993,4 мың (екi миллион тоғыз жүз тоқсан үш мың төрт жүз) сомада түскен қаржының бiр бөлiгiн облысқа жеткiзiлген пестицидтер үшiн Алматы облысының "БАСФ" (Германия) және "Зенека-Өсiмдiк қорғау" (Ұлыбритания) фирмалары үшiн борышын өтеуге, ал 30 мың тонна арпаны сатудан түскен пайданы Петропавл қаласындағы макарон фабрикасымен арадағы шарт бойынша, қайтарымды негiзде, "Окан холдинг" түрiк фирмасына бағыттасын. Шетел фирмаларымен есеп айырысуды жүзеге асырғаннан кейiнгi қалған қаржы Корпорациясының есебiне жинақталсын. 3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Кеден комитетi, Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясы, Қазақстан халықаралық агроөнеркәсiп биржасы және басқа да тиiстi ведомстволар астықты көрсетiлген контрактiлер бойынша тиеп-жөнелтуге қажеттi жәрдем көрсетсiн. 4. Алматы облысының әкімі Мемлекеттік азық-түлiк контракт корпорациясымен арадағы шарт бойынша мемлекеттік ресурсқа 1996 жылдың өнiмiнен 61 мың тонна II класты арпаны қайтаруды қамтамасыз етсiн. Премьер-Министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |