|
|
|
«Салық заңдарын бұзу жағдайлары туралы»
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Жергiлiктi жерлерде жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен қосымша алымдар мен төлемдердiң, соның iшiнде облыс, аудан аумағына кiргенi және жол жиегiндегi учаскедегi учаскелерге автокөлiк құралдарын қойғызғаны үшiн қолданылып жүрген заңға қайшы келетiн алымдар заңсыз енгiзiлуiмен салық заңдарын бұзу жағдайларының жиiленуiне байланысты: 1. Жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларына салық заңына көзделмеген қосымша алымдар мен төлемдердi енгiзуге тыйым салынсын. 2. Қосымша алымдар мен төлемдердi заңсыз енгiзуге қатысты салық заңдарын бұзуды болдырмау және жою мақсатында Қазақстан Республикасының Бас салық инспекциясы жергiлiктi жерлерде тиiстi тексерулер жүргiзудi ұйымдастырсын. Премьер-Министрдiң орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |