|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 11 сәуірдегі № 570
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: «Пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнiң қызметiн қолдау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 сәуірдегі № 570 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн: 2-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Тұрғын үйлердегi жекешелендiрiлмеген үй-жайлар (үйлердiң "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ортақ меншiк құқығымен мекен-жай иелерiне тиесiлi бөлiктерiн қоспағанда) мемлекеттік меншiк болып табылады және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады"; 3, 4, 5 және 6-тармақтар тиiсiнше 4, 5, 6 және 7-тармақтар болып есептелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |