|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 мамырдағы № 814 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Бiлiм және мәдениет министрлігі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 8 мамырдағы № 814 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 18, 167-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: "8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлігі мен Қ.Иассауи атындағы Қазақ-Түрiк университетiне бөлiнген қаражат шегiнде 1997 жылға арналған жоспарды белгiлеудiң функциялар мен бағдарламалар бөлiгiне қажеттi өзгерістер енгiзiлсiн". Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің мiндетiн атқарушы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |