|
|
|
Тұрғын емес үй-жайларды қоғамдық бiрлестiктердiң пайдалануын Мемлекеттік меншiкке жататын тұрғын емес үй-жайларды Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктерiнiң белгiленген тәртiптi бұза отырып пайдалану практикасын реттеу мақсатында: 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі екi апта мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне Қазақстан Республикасы қоғамдық бiрлестiктерiнiң тiзбесiн ұсынсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктерi есеп айырысуларының жай-күйi мен тұрғын емес үй-жайларды мүлiктiк жалға алудың белгiленген тәртібін сақтауына тексеру жүргiзсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі екi ай мерзiм iшiнде қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекеттік меншiкке жататын тұрғын емес үй-жайларды пайдалануынан түскен ақша қаражатының тиiстi бюджетке түсуiне тексерiс жүргiзсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарласын. 5. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары В.В. Соболевқа жүктелсiн. Премьер-Министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |