|
|
|
1996 жылдың 12 қарашасында Нью-Делидiң (Үндiстан) маңында болған 1996 жылғы 12 қарашадағы Нью-Делиде (Үндiстан) болған авиаапатына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ресми айқындамасын түсiндiру қажеттiгiне байланысты: 1. 1996 жылдың 12 қарашасында Нью-Делидiң (Үндiстан) маңында болған "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның "ИЛ-76" әуе кемесi мен "Сауди Арабиан Эрлайнз" авиакомпаниясы "Боинг-747" авиалайнерiнiң соғысуына қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қоса берiлiп отырған мәлiмдемесi жариялансын. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Т. Дүйсенов, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Ю.И. Лавриненко және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi К.А. Колпаков авиаапатқа байланысты құрылған комиссияның және оған тартылған заң консультанттарының жұмысын жалғастырсын. 3. Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiне, мемлекеттік комитеттерiне, ведомстволарына, ұйымдары мен мекемелерiне болған авиаапатқа байланысты және оның жағдайларын тексеру барысы туралы осы iске байланысты алдағы уақытта Қазақстан Республикасының мүддесiн қорғайтын "McGuire, Woods, Bathie and Boothe, L.L.P" халықаралық заң фирмасы өкiлдерiнiң келісімiмен жария түрде мәлiмдеме жасауға және ресми ақпарат беруге тек Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Ю.И. Лавриненко ғана уәкiлеттi екендiгi ескертiлсiн. Премьер-Министр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 21 қарашадағы № 526 өкіміне қосымша 1996 жылдың 12 қарашасында Нью-Делидiң (Үндiстан) маңында болған "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның "ИЛ-76" әуе кемесi мен "Сауди Арабиан Эрлайнз" авиакомпаниясы "Боинг-747" авиалайнерлерiнiң соғысуына қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң МӘЛIМДЕМЕСI Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылдың 12 қарашасында Нью-Делидiң (Үндiстан) маңында орташа биiктiкте болған "Қазақстан әуе жолы" ҰААК-ның "ИЛ-76" әуе кемесi мен "Сауди Арабиан Эрлайнз" авиакомпаниясы "Боинг-747" авиалайнерiнiң соғысуы салдарынан болған адам шығынына байланысты қатты қайғыратындығын бiлдiредi және қайтыс болғандардың туған-туысқандары мен жақын-жуықтарына көңiл айтады. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы оқиғаға байланысты жағдайды тексеру және оған ұшыратқан себептердi анықтау үшiн арнаулы комиссия тағайындады. Қазiр мамандар тобы Нью-Делиде үндiлiк өкiмет өкiлдерiмен бiрге осы тексерудi жүргiзу жұмысында. Алдын-ала алынған ақпараттарға қарағанда, "ИЛ-76" әуе кемесi тиiсiнше дұрыс техникалық жағдайда болған, оның экипажы қажеттi тәжiрибе мен біліктiлiкке ие болған және тиiстi түрде iс-қимыл жасаған. Қазақстан Республикасының Үкіметі тексеру аяқталғанға дейiн ешқандай қосымша мәлiмдемелер жасамайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |