|
|
|
Қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан Қарашөңгел мемлекеттік аң аулау шаруашылығында Түрген өзенiнде болған табиғи зiлзаланың зардаптарын жоюға арнап Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң Шаруашылық басқармасына төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 1,5 млн. теңге бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 5 маусымдағы № 262 өкімі 1-тармағының үшiншi абзацындағы "10,0 (он) миллион теңге" деген сөздер "4,286 млн. теңге (төрт миллион екi жүз сексен алты мың теңге)" деген сөздермен ауыстырылсын; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 24 шiлдедегi № 354 өкімінiң екiншi және үшiншi абзацтары мынадай редакцияда берiлсiн; "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервтiк қорынан төтенше жағдайларды қаржыландыру үшiн 165 (жүз алпыс бес) млн. теңге, оның iшiнде: Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы үшiн Курчатов қаласындағы және Алатау поселкесiндегi реакторлық қондырғыларды техникалық және физикалық қорғауды күшейтуге және ядролық объектiлердi халықаралық талаптарға сай келетiн инженерлiк-техникалық құралдармен жабдықтауға арнап 123 (жүз жиырма үш) млн. теңге бөлiнсiн". Премьер-Министр
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |