|
|
|
Қаржы бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетiне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса алғанда, төтенше жағдайлар мен шараларды қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан 1997 жылғы қаңтарда өрт нәтижесiнде залал шеккен Алматы қаласы, Әуезов көшесi, 82 мекен-жайда орналасқан әкiмшiлiк үйiнiң қызметтiк үй-жайлары мен шатырын жөндеу және қалпына келтiру жөніндегі берешектi өтеуге 6 (алты) млн. теңге бөлiнсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетi: бөлiнген қаражаттың зиян келтiруге кiнәлi адамдарды белгiленген тәртiппен материалдық жауапкершiлiкке тарту есебiнен республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсiн; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiне 1997 жылдың қорытындысы бойынша орындалған жұмыстардың көлемi, құны және республикалық бюджетке қайтарылған қаражаттың мөлшерi туралы есеп тапсырсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсiн. Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |