| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi табиғи газбен жабдықтау Халық пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi табиғи газбен iркiлiссiз жабдықтау, қысқы жылыту кезеңiне дайындалу, сондай-ақ ұсынылған газ үшiн қаражаттардың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару департаментi мен "Трактебель С.А." компаниясының қызметi тұтынушыларды табиғи газбен жабдықтауға және ұсынылған газ үшiн қаражаттардың қайтарылуын қамтамасыз етуге бағытталатын жабық үлгiдегi акционерлік қоғам нысанындағы бiрлескен кәсiпорын құру туралы, сондай-ақ құрылатын бiрлескен кәсiпорынға қатысушылардың құрамына өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiретiн, төлем жасауға қабiлеттi iрi қазақстандық кәсiпорындарды енгізу туралы; "Трактебель С.А." компаниясының өз қаражаты есебiнен республиканың газ қоймасына қысқы жылыту кезеңiнде пайдалану үшiн кемiнде 500 миллион текше метр газ қою туралы ұсыныстары назарға алынсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару жөніндегі департаментi: құрылатын бiрлескен кәсiпорынға Қазақстан жағынан қатысушыларды айқындасын; Қазақстан Республикасының Үкіметіне оған газды Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының тұтынушыларына сату жөніндегі дистрибьютердiң функцияларын жүктей отырып Республикалық мемлекеттік кәсiпорын құру туралы ұсыныс енгiзсiн; белгiленген тәртiппен "Алматыгаз", "Алаугаз" (Оңтүстiк Қазақстан облысы), "Жамбылгаз" акционерлік қоғамдарынан көрсетiлген қоғамдардың жарғылық қорына кiргiзiлмеген жоғары және орташа қысымдағы газ құбырлары мен олардағы құрылыстарды ол мемлекеттік тiркелгеннен кейiн құрылатын мемлекеттік кәсiпорынның балансына беру туралы мәселенi шешсiн. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiленген тәртiппен "Трактебель С.А." компаниясына кейiннен газдың осы көлемiн сатудан түскен қаражатты роялти бойынша өтеудiң есебiне республикалық бюджетке жолдау арқылы 1997 жылғы 14 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен "Трактебель С.А." компаниясының арасындағы газ көлiгi жүйесiнiң концессиясы шартында көзделген роялтидi төлеудiң есебiне 500 миллион текше метр газды сатып алуды, тасымалдауды және сақтауды жүзеге асыруға рұқсат етсiн. 4. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ө.Е.Шүкеевке жүктелсiн. Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |