| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Тексеру жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетiнiң кәсiпорындарында жиын-терiн жұмыстарын жүргiзуге арналған жеткiлiктi мөлшердегi, жаңартуға жататын дизель отынының болмауына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 27 тамыздағы № 291 өкімінiң шарттарына сәйкес 13 мың дизель отыны брондалсын. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Аймақтардың жұмысын үйлестiру бөлiмi және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi таратылған Көкшетау облысының (1997 жылғы 23 сәуірдегі № 16-3/618 шешiм) Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының мемлекеттік резервтердiң бiрiншi топтағы мұнай өнiмдерiн өз бетiнше шығындаудағы әрбiр фактiсi бойынша мұқият талдау жасасын. Тексеру материалдары 10 күн мерзiмде тергеу органдарына тапсырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер және Қаржы бақылау жөніндегі комитеттерi жауапты сақтау пункттеріндегі мемлекеттік резервтердiң бiрiншi топтағы қолда бар мұнай өнiмдерiне жаппай тексеру жүргiзсiн және оны өз бетiнше шығындау, ұрлауды қоса, фактiлерi табылған жағдайларда, материалдарды тиiстi шаралар қабылдау үшiн прокуратура органдарына тапсырсын. Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |