Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанынан Шет ел
ҚР Президентінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 1696 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында шет ел капиталын тарту мен пайдалану саласында мемлекеттік реттеудi, үйлестiрудi және бақылауды күшейту мақсатында қаулы етемiн: 1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң таратылатын Шет ел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттiгi негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Шет ел капиталын пайдалану жөніндегі комитет құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөніндегі комитет шет ел инвестицияларын, кредиттерiн, техникалық және қаржы көмегiн тарту мен пайдалану саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеп, жүзеге асыру үшiн жауапты орталық атқарушы өкiмет органы болып табылады деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң Шет ел инвестициялары жөніндегі ұлттық агенттiгiнiң Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және соның тапсыруы бойынша қол қойылған техникалық және қаржы көмегi туралы келісімдерден туындайтын халықаралық мiндеттемелер жөніндегі құқылы мұрагерлiгiн анықтау мәселесiн шешетiн болсын. 4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөніндегі комитеттiң басты мiндеттерi: Қазақстан Республикасында шет ел капиталын пайдаланудың басым бағыттарын анықтау (Қазақстан Республикасы Экономика министрлігінiң ұсынысы бойынша); шет ел капиталын тартудың көлемi (ағымдағы және келешектегi), Қазақстан Республикасының сыртқы берешегiнiң лимиттерi мен кепiлдiктерiнiң лимиттерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу (Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігінiң ұсыныстары бойынша); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|