|
|
|
"Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 10, 242-құжат; 1994 ж., № 8, 140-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 2-бапта: бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Осы Заңның күшi бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргiндерге тiкелей ұшыраған және қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының азаматты болып табылатын адамдардың бәрiне қолданылады."; үшiншi бөлiктегi "Қазақстанға" деген сөзден кейiн "және Қазақстаннан" деген сөздермен толықтырылсын; төртiншi бөлiктегi "балалары" деген сөзден кейiн үтiр қойылып "сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары" деген сөздермен толықтырылсын. 2. 3-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Елден аластату, тұратын жерлерiнен немесе мекен еткен аудандарынан аулақтатылу (айдауға немесе жер аударуға жiберу) арнайы қоныс аударуға жiберу түрiндегi саяси қуғын-сүргiндердiң қолданылғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда (олардың жойылып жiберiлуiне байланысты), қуғын-сүргiндердi қолдану фактiсiн тану үшiн негiз адамдардың қуғын-сүргiндер акцияларының салдарынан Қазақстанның аумағында нақты тұрғанын анықтау болып табылады.". 3. 22-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "психиатриялық мекемелерге жатқызу" деген сөзден кейiн үтiр қойылып "арнайы қоныс аударуға жiберу" деген сөздермен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |