|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы № 3655 Жарлығына сәйкес: 1. Таратылған және қайта ұйымдастырылған орталық атқарушы органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес 1997 жылғы 20 қазанға дейiнгi мерзiмде тарату және қайта ұйымдастыру ресiмдерiне кiрiссiн. 2. Құрылған және қайта ұйымдастырылған, сондай-ақ қазiргi бар мемлекеттік органдардың құрылымдары мен олар туралы ережелердi қарау жөніндегі Комиссия (бұдан былай - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын. 3. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiк Қаржы министрлігімен бiрлесiп және Қазақстан Республикасының мүдделi орталық атқарушы органдарының келісімi бойынша 1997 жылғы 22 қазанға дейiн мемлекеттік органдардың құрылымдары мен олар туралы ережелердiң жобалары жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға беретiн болсын. 4. Комиссия орталық атқарушы органдар құрылымдарын, қызметкерлерiнiң шектi санын, қызметтiк жеңiл автомобильдерi санының лимиттерiн бекіту жөніндегі ұсыныстарын 1997 жылғы 1 қарашаға дейiн қорытындыласын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. Премьер-Министрi Премьер-Министрдiң 1997 жылғы 17 қазан № 334 өкіміне қосымша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымдары мен олар туралы ережелердi қарау жөніндегі комиссияның құрамы Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Комиссияның төрағасы Комиссияның мүшелерi Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы - Қазақстан Республикасының министрi Мұхаметжанов Б.Ә. - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi Байменов Ә.М. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары (вице-министр) Котенко Н.Л. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Үкiмет шешiмдерiн әзiрлеудi үйлестiру бөлiмiнiң меңгерушiсi Соболев В.В. - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң төрағасы Келiмбетов Қ.Н. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттiгi Мақсаттарды және басымдықтарды қалыптастыру департаментiнiң директоры Мүшрәпiлов Ә.Ә. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң басқарма бастығы Комиссияның хатшысы Тұмабекова К.Ә. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлiмiнiң консультанты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |