|
|
|
"Қазақстан Республикасының Парламентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" Ақмола қаласындағы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң басшылары мен депутаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi аппараттарының қызметкерлерiне автокөлiк қызметiн көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Шаруашылық жүргiзу құқығында "Қазақстан Республикасының Парламентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган болып айқындалсын. 3. Кәсiпорынның негiзгi мiндетi: Қазақстан Республикасы Парламентiнiң басшылары мен депутаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi аппараттарының қызметкерлерiне автокөлiк қызметiн көрсетуге байланысты қызметтi жүзеге асыру болып табылады деп белгiленсiн. 4. Уәкiлеттi орган бiр ай мерзiмде Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және Кәсiпорынды әдiлет органдарында тiркесiн. 5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Кәсiпорын мемлекеттік тiркеуден өткен соң белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне енгізу туралы қаулының жобасын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |