|
|
|
Бюджеттік комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1. 1999 жылға арналған республикалық бюджеттiң параметрлерiн әзiрлеу мақсатында мына құрамда Бюджеттік комиссия құрылсын: Д.Р.Әбiлғазин - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Департаментiнiң директоры, төраға И.В.Титова - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Департаментiнiң директоры Қ.Т.Оспанов - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiнiң Департаментi директорының орынбасары Ғ.З.Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Департаментi директорының орынбасары (келісім бойынша) 2. "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджеттiң жобасын әзiрлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 16 наурыздағы № 219 қаулысының 3-тармағына сәйкес Бюджеттік комиссия 1998 жылдың 1 мамырына дейiн 1999 жылға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттердiң негiзгi параметрлерiн әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |