|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резерв қорынан қаражат бөлу Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласының тұсаукесерiн өткізу кезiнде қоғамдық тәртiптi, қоғамдық және жол қауiпсiздiгiн күзетудi, мүмкiн болатын құқық бұзушылыққа жедел мән берудi, сондай-ақ шақырылған мемлекет басшылары мен делегациялардың автокөлiктерiне ерiп жүрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне астана Ақмола қаласының тұсаукесерi жөніндегі шараларды өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резерв қоры қаражатының есебiнен 34528 (отыз төрт миллион бес жүз жиырма сегiз мың) теңге сомасында қаржы бөлiнсiн (шығыстардың сметасы қоса берiлiп отыр). 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 6 мамырдағы № 410 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласының тұсаукесерiне дайындалуға және оны өткізуге арналған шығыстардың сметасы (мың теңге) _____________________________________________________________ Шара | Сома ___________________________________|_________________________ Барлығы 34528 оның iшiнде: 1. Автомотокөлiк сатып алуға 15306 2. Нысанды киiм-кешек сатып алуға 5000 және тiктiруге 3. Турникеттер дайындауға 5000 4. Байланыс құралдарын сатып алуға 9222
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |