|
|
|
"Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының шығынды кенiштерi мен қалдық қоймаларын тарату мен консервациялау жөніндегі шараларды жүргiзу, олардың мақсатқа сай қаржыландырылуын және бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. Кәсiпорынның негiзгi мақсаты шығынды кенiштер мен қалдықтар қоймаларын тарату мен консервациялау, су құю-су шығару жөніндегі қызмет, сондай-ақ шаруашылық жүргiзудiң арнайы тәртібі белгiленген қызмет салалары болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі: Кәсiпорынның жарғылық қорын белгiлесiн, Жарғысын бекiтсiн және оны заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен тiркесiн; Кәсiпорынның басшысын тағайындасын; кәсiпорынның Жарғысын тiркегеннен кейiн оны Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне енгізу туралы ұсыныс енгiзсiн. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк пен активтердi басқару жөніндегі департаментi "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының жалпы жиналысында оның шығынды кенiштерi мен қалдық қоймаларын Кәсiпорынға беру туралы мәселенi қарасын. 4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкімі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Медетшi банкi төрағасының қайта ұйымдастырылып отырған заңды тұлғаның функцияларын, құқықтары мен мiндеттерiн өткізу актiсi бойынша бере отырып, "Су құю - су ағызу" Кентау коммуналдық мемлекеттік кәсiпорнын құрылып отырған кәсiпорынға қосу жолымен оны қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын. 5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Медетшi банкiмен және "Кентаукенiштарату" мемлекеттік кәсiпорнымен бiрлесе отырып шығынды кенiштер мен қалдықтар қоймаларын тарату жөніндегі қаржыландыру сомасын айқындасын. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылға арналған республикалық бюджетте мырғалымсай кен орнының су құю - су ағызуы жөніндегі шығыстарды қаржыландыру үшiн 400 (төрт жүз) млн. теңге сомасында бюджет қаражатын бөлудi көздейтiн болсын. ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.05.14. № 434 қаулысымен. 7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік медетшi банкi су құю - су ағызуды, шығынды кенiштердi таратуды және қалдық қоймаларын консервациялауды қаржыландыруға арнап жiберiлген бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасасын. 8. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1737 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 46-тармақ "су құю - су ағызуды" деген сөздерден кейiн "және кен орындарын консервациялау мен тарату жобалары жөніндегі жұмыстарды" деген сөздермен толықтырылсын. 9. "Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласының экономикасын дағдарыс жағдайынан шығару жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 шiлдедегi № 757 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 28, 313-құжат) 7-тармағының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |